ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Кеңес отырыстары
Екінші отырыс аясындағы бастамалардың жүзеге асуы
Екінші отырыстың қорытындысы бойынша ҰҚСК екінші отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді (21 пункттен тұрады).

Берілген тапсырмалар шеңберінде президенттік саяси реформалардың бірінші пакеті толығымен іске асырылып, төмендегілерді көздейтін 8 заң қабылданды:

- Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша қылмыстық жазасын өтеген және құқық қорғау органдарының оң қорытындысын алған тұлғаларға қаржылық шектеуді жеңілдету;

- бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін хабарламалық принципті енгізу;

- саяси партияларды құру үшін тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету;

- сайлауға түскен партия тізімінде әйелдер мен жастарға 30% арналған квота енгізу;

- парламенттік оппозиция институтын енгізу (2 заң);

- Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыс деп танымау және 174-бапты ізгілендіру;

- Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Екінші Факультативтік Хаттаманы ратификациялау.

Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық реформалар пакеті жүзеге асырылды. Атап айтқанда, пайдаланылмайтын жер телімдері үшін базалық салық мөлшерлемесі 10-нан 20 есеге дейін арттырылды; Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстарында жерді ғарыштық мониторинг бойынша пилоттық жоба аяқталды (8,3 млн. га пайдаланылмайтын жерлер анықталып, оның 2,6 млн. га мемлекет меншігіне ерікті түрде қайтарылды); Есеп комитетінің тексерілетін мемлекеттік органдар мен ұйымдар бойынша аудиторлық қорытындылардың азаматтық нұсқаларын жариялауы қамтамасыз етілді; 16 квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының директорлар кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдері енгізілді; цифрланған мәліметтер базасы түрінде Сыртқы қарыздың бірыңғай реестрі әзірленді; Ұлттық қордан трансферттердің конвертациясы жайындағы ақпарат 2020 жылғы қаңтардан бастап ай сайынғы негізде жарияланады; 2030 жылға дейінгі ақша-несие саясатының стратегиясы бекітілді; шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота 2019 жылғы 49 мыңнан 2020 жылы 29 мыңға дейін қысқартылды; шетелдік жұмыскерлерді тартатын кәсіпорындарда жыл сайын тексерулер жүргізу көзделді; 2020 жылы 12 оңалту орталығы ашылды, 2021 жылы – 8 орталық ашылды, 12 өңірде ірі оңалту орталықтарының құрылысын салу жоспарланған; ірі транзакциялар үшін төлемдерді қолма-қол ақшасыз бақыланатын форматқа ауыстыру мәселесі пысықталды және заңды тұлғалардың банктердегі ашаны қолма-қол ақшаға айналдыру кезінде шекті мөлшері белгіленді; кәсіпкерлік субъектілерінің ашық интеграцияланған деректер базасы құрылды; атаулы әлеуметтік көмек көрсету және балаларды кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз ету көзделді; көлік жүргізушілерге міндетті қағаз құжаттар саны азайтылды.

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз