ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Кеңес отырыстары
Үшінші отырыс аясындағы бастамалардың жүзеге асуы
Үшінші отырыста адам капиталын дамыту, білім, ғылым және денсаулық сақтау тақырыбы күн тәртібіне қойылды. Адам капиталын дамыту, білім, ғылым және денсаулық сақтау тақырыбын күн тәртібіне шығарған Ұлттық кеңестің үшінші отырысының қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының ҰҚСК үшінші отырысында берілген тапсырмаларын орындау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға 44 пункт енгізілді.

Іс-шаралар жоспары шеңберінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі» әзірленіп, бекітілді; барлық ТжКБ мемлекеттік мекемелерінде (454 бірлік) жан басына қаржыландыру нормативі енгізілді; БҒМ тарапынан тегін пайдалану құқығын бекіте ете отырып, оқулықтарды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспары әзірленді; ғылыми-практикалық сараптама мен оқулықтарды апробациялауға қойылатын талаптар арттырылды, «Білім туралы» Заңға оқулықтардың сапасы үшін әзірлеушілердің жауапкершілігін бекітетін екі норма енгізілді; оқытудың педагогикалық бағыттарына түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар арттырылды (ҰБТ шекті баллы 60-тан 70 баллға дейін ұлғайды), педагогикалық білім алған түлектерді сертификаттау енгізіледі; болашақ мұғалімдерге арналған стипендия 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін артты, қазіргі таңда тағы 50 мың теңгеге дейін арттырылған; ЖОО оқытушыларының жалақысы көбейді, оның ішінде мемлекеттік білім гранты құнын арттыру арқылы (ұлттық ЖОО-да – 187 988 тг (67%), мемлекеттік ЖОО-да – 141 296 тн (38%); PhD докторантура бойынша гранттар құны орындардың санын 2 355-тен 1815-ке дейін қысқарту есебінен 1307 мың теңгеден 1900 мың теңгеге дейін артты; Тіл саясаты комитеті 2021 жылдан бастап ҚР БҒМ қарамағына өтті; докторанттардың стипендиясы 150 мың теңгеге дейін артты, қазіргі таңда ол тағы 172 мың теңгеге дейін арттырылды; ғылыми тағылымдамалардың шектік саны 5 жыл мерзімге жыл сайын 500-ге дейін ұлғайтылды; ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру 2021 жылы 480,074 млн теңгеге артып, 9 мемлекеттік органның 85 ғылыми ұйымдары үшін 5797,5 млн теңгені құрады; 2020 жылы 23 ғылыми ұйымның материалдық-техникалық базасы жаңартылды; ҚР БҒМ заңнамалық негізде мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орган ретінде айқындалды; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтерілді (дәрігерлердің жалақысы орта есеппен 30%-ға, медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға); 16 модульдік инфекциялық ауруханалардың құрылысы аяқталды (жалпы төсек сыйымдылығы 3934 орын); Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті құрылды; ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және аймақтардағы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлердің өкілеттігі кеңейтілді; Фармацевтика және медицина өнеркәсібін дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды.

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз