ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Кеңес отырыстары
ҰҚСК екінші отырысы: реформалардың бірінші топтамасы – II бөлім
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУ. Әлеуметтік жаңғыру бойынша реформалар аясында Мемлекет басшысы мынадай шараларды ұсынды:

Азаматтық бақылау

ҚР Мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, жемқорлық Қазақстандағы квазимемлекеттік сектордың дамуын тежеп отыр: «қылмыстық статистикағ талдау бұл салада тіркелген жемқорлық қылмыстың 55%-ы сатып алу кезінде жасалатынын көрсетті. Ал, оның квазимемлекеттік сектордағы көлемі мемлекеттік сатып алудан 3-5 есе артық. Сатып алу кезінде бірыңғай тәсілдің және тиісті деңгейде ашықтықтың болмауы, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордағы компания қызметіне қоғамдық бақылау механизмдерінің болмауы қалыптасқан ахуалдың ең басты себебі болып отыр».

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың қызмет барысына азаматтық бақылауды күшейту мақсатында квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындардың Директорлар кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдерін қосуды қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Қатысу бюджеті

2019 жылдың сәуір айында Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек осыған ұқсас пилоттық жобаның басталғанын хабарлады. 2020 жылдан бастап қала бюджетінен Алматының сегіз ауданының әрқайсысына жобаға сәйкес 500 млн теңге бөлінеді, ал оның қалай жұмсалатынын қала тұрғындары өздері анықтайды. Сарапшылардың айтуынша, бұл бюджет қандай жергілікті проблеманы бұрын шешілуі керектігі жөнінде азаматтардың пікіріне сүйеніп үлестірілмейді, сайып келгенде оның шешілуіне аудан тұрғындарының қатысу формасын, сонын ішінде міндетті түрде бірлесіп қаржыландыруды айқындайды.
Сарапшылар «қатысу бюджетін» жергілікті деңгейде бюджет қалыптастыру процесінің демократизациясына қадам ретінде бағалайды.
Аудан әкімдіктерінің ресми сайтынан қала тұрғындары ұсынған жобаларды көруге болады, олардың ішіндегі ең көп дауыс жинағаны жүзеге асады. Тұрғындар, бірінші кезекте, қала немесе аула кеңістігін абаттандырумен, сонымен қатар демалыспен, бос уақытты қызықты өткізумен байланысты жобалар ұсынады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Азаматтардың мемлекет орган бюджетін қарастыруға көбірек араласуын қамтамасыз ету мақсатында 55 әкімшілік бірлікте «қатысу бюджеті» жобасын енгізуге тапсырма берілді.

Атаулы әлеуметтік көмек


Ұзақ уақыт бойы мұқтаждарға әлеуметтік көмек алу үшін жеке табысын есептеу нормасын әкімшілендіру қиын болды. (Материалдық жағдайын жасыру т.б. мақсатта) ажырасу, өтірік жұмыстан шығару, қолындағы малын сою секілді теріс әлеуметтік салдарға әкелетін жайттар көп тіркелді. Қарым-қатынастың бұл саласы жемқорлыққа жиі ұшырайды. Осылайша көпбалалы отбасыларға табысына қарай емес, тек қана отбасындағы бала санына қарай мемлекеттік қолдау көрсететін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы әлеуметтік көмекті алу және әділ бөлу процедурасын едәуір жеңілдетеді.
Мемлекеттік әлеуметтік қолдау жүйесіне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, қазақстандықтарды еңбектенуге ынталандырып, әлеуметтік көмекті шамадан тыс пайдалануды қысқартуға тиіс.

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Ең алдымен мұқтаж балаларға, соның ішінде көп балалы отбасына ашық әрі әділ атаулы көмекті қамтамасыз ету үшін көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуге; халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын балаларға кепілдендірілген әлеуметтік көмек топтамасын қамтамасыз етуге тапсырма берілді.

Әлеуметтік модернизация бағытындағы реформалар

Реформалар Орындаушы
Квазимемлекеттік сектордың әлеуметтік маңызы бар кәсіпорындарының Директорлар кеңесінің құрамына азаматтық қоғам өкілдерін қосу ҚР Үкіметі
55 әкімшілік бірлікте, атап айтқанда, елорда мен республикалық маңызы бар қалалардың барлық аудандарында, сондай-ақ облыстық маңызы бар 35 қалада «қатысу бюджеті» жобасын енгізу. ҚР Үкіметі
Көп балалы отбасылар кірісіне қарай емес, тек қана отбасындағы балалардың санына қарай мемлекеттік қолдау көретін атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу. ҚР Үкіметі
Халықтың Әлеуметтің әлсіз топтарына жататын балаларды кепілдендірілген әлеуметтік көмекті; мектептерде тегін ыстық тамақ, мектепке және кері күнделікті тегін қатынауын, сондай-ақ мектеп формасы мен оқуға қажетті керек-жарақтарды қамтамасыз ету ҚР Үкіметі
Көпбалалы отбасыларға дифференциалды, яғни айлық есептік көрсеткіштің 42,5 мың теңгеден 74 мың теңгеге дейінгі мөлшерінде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгілеу. ҚР Үкіметі
Толық есеппен мына жерден таныса аласыз.
Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз