ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Кеңес отырыстары
ҰҚСК екінші отырысы: реформалардың бірінші топтамасы – III бөлім
САЯСИ ЖАҢҒЫРУ. Саяси жаңғыру бойынша реформалардың аясында Мемлекет басшысы мынадай шаралар ұсынды:

Митингтерді ұйымдастыру принцип


Қазіргі кезде митинг ұйымдастыру ережесі «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заң аясында анықталады. Заңның 3-бабына сәйкес, ұйымдастырушылар митинг өткізу туралы өтінішті шара белгіленген датадан кемiнде он күн бұрын беруге тиіс.
Митинг туралы заңнама тек Қанақстанда ғана емес, өзге ТМД мемлекеттерінде де қайта қаралды. Мысалы, Беларусь 2019 жылы митинг туралы заңнаманың негізгі принциптерінің бірі ретінде ескерту приниципін қосты.
Митинг пен нарызылық жалпыәлемдік үрдіске айналып барады. Сарапшылар қауымы 2019 жылды «толқулар жылы» деп атайды. Мыңдаған «сары жилеттердің» маршы, Ұлыбритания, Испания, Чехия, Ирак, Гонконг және өзге де елдердегі наразылық шерулері олармен проблемалық мәселе бойынша ымырыласу жолын іздеу іздеу, кейде режимді толық алмастыру, зорлықшыл қақтығыстар секілді күрделі әрі ұзаққа созылатын салдарға әкелді.
Демек Қазақстанның саяси басшылығы жүйені реформалау және конструктивті диалог құру жолында дербес әрі саналы қадамға барып отыр. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстандағы билік өкілдері келіспеушілікті қоғамға қауіпті құбылыс деп есептемейді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Митинг өткізу мәдениетін дамыту және азаматтардың өз ұстанымын жария жеткізу үрдісін ынталандыру мақсатында митингті ұйымдастырудың ескерту принципін енгізуге тапсырма берілді.

Партиялық тізіммен сайлауға квота

Гендерлік саясатты (2006-2016 ж.) жүзеге асырудың бірінші жылында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіндегі әйелдер үлесі 10.,4% құраған, соңғы жылда (2016 ж) оның мөлшері 27,1%-ға дейін өсті. 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша әйелдердің үлес салмағы 44,7%-ға жетті. Осыған қарамастан, соңғы бес жылда Қазақстандағы гендерлік теңдік индексінің көрсеткіштері кәдімгідей түсіп кетті. 2019 жылы республика әлемдік рейтингте 60-орын алды, 2013 жылы 28-орында болған. Бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі – әйелдердің саяси құқы мен мүмкіндіктері. Қазақстанның саясатта, бизнесте және өзге де саладағы гендерлік және жас айырмашылығын қысқартуға талпынысы тең мүмкіндіктер қоғамын құру жолындағы қажетті әрі заңды қадам болып табылады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Әлеуметтік, сондай-ақ қоғамдық саяси лифтті қалыптастыру мақсатында партиялық тізіммен сайлауға әйелдер мен жастарға арналған міндетті 30% квота енгізуге тапсырма берілді.

Саяси партияларды тіркеу мен парламенттік оппозиция

Дамыған демократиялық қоғамда бірінші кезекте ашықтық пен пікір, тұжырым алуандығы болуы керек, олардың дауысы ең дұрыс жағдайда құрылымданып, саяси институтқа бірігуге тиіс. Қазақстанда мықты азаматтық қоғамды дамытуға барлық жағдай бар, оның айғағы – үкіметтік емес ұйымдардың, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының көптігі т.б. Демек, біздің қоғам еліміздің Парламентінен орын алуға тиіс мықты әрі беделді саяси азшылықтың табиғи қалыптасу фазасына таяп келді.
Бәкелес парламенттік оппозиция қоғамдағы қауіпті поляризация, жекелеген топтардың радикалдануы, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың бюрократиялануы секілді қауіптің алдын алудың анағұрлым тиімді амалдарының біріне айналады.
2019 жылы демократия индексінде Қазақстан 2,94 балл жинады. Саясатқа араласу 4.44 балға бағаланғанына қарамастан, сайлау процесі және плюрализм категориясында 0,5 балл минимал баға алды. Бұл бәсекелес саяси оппозиция мен саяси плюрализмді дамыту қажеттілігін білдіреді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Азаматтардың белсенділігі мен саяси бәсекені арттыру мақсатында саяси партия құру үшін тіркеу шарттарын 40 мыңнан 20 мың мүшеге дейін төмендетуге тапсырма берілді. Биліктің заң шығару тармағындағы балама қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету үшін парламенттік оппозиция институтын енгізуге тапсырма берілді.

Заңдарды ізгілендіру және қылмыс деп танымау

Азаматтардың тең құқығы мен бостандығы Қазақстанның саяси жүйесін жаңғыртудың ажырамас бөлігі болып табылады. «Әуелі экономика, содан соң саясат» принципі демократиялық реформаларды ілгерілету үдерісін алдыңғы қатарға шығаратын қоғамдағы қайта құрулардың қажеттігіне бірте-бірте ығысып орын береді.
Соңғы жылдары заңгерлер мен журналистер ортасында ҚР Қылмыстық кодексінің 174-ші және 130-баптары төңірегінде қызу пікірталас өрбіді. Олардың пікірінше, «әлеуметтік алауыздықты қоздырды», «жала жапты», «көрінеу жалған ақпаратты таратты» т.б. айыптайтын заң нормаларындағы тиянақтама анық емес, сондықтан іс жүзінде жөнсіз немесе кеңейте қолданылу қаупі бар.
Өз кезегінде, қоғамдық пікір спектры өзгеріс мәселесі, соның ішінде мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру мәселесі әлдеқашан пісіп-жетілгенін көрсетті. 2019 жылы наразылықтың жиілуі азаматтардың саясатқа араласу мәдениетінің өскенін, азаматтық қоғам өзін-өзі ұйымдастыру және бейбіт шерулер арқылы өз мүддесін білдіре алытынын көрсетті. Демократиялық принциптерді неғайтудың маңызы ҰҚСК отырыстарында бірнеше рет көтерілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы:

Қазақстан азаматтарының құқы мен бостандығының сапасын арттыру үшін Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасына қосылуды қамтамасыз ету; ҚР ҚК 174-бабын ізгілендіру, ҚР ҚК 174-бабы бойынша қылмыстық жазасын өтеуші тұлғаларға қатысты қаржылық шектеулерді жұмсартуға; ҚР ҚК 130-бабын қылмыстық деп танымау жөнінде тапсырма берілді.

Саяси жаңғыру бағытындағы реформалар

Реформалар Орындаушы
Тиісті заңға өзгеріс енгізу арқылы митингтерді ұйымдастырудың ескерту принципін енгізу ҚР Үкіметі
Саяси партия құру үшін тіркеу кедергілерін 40 мыңнан 20 мың мүшеге дейін төмендету ҚР Үкіметі
Партиялық тізім бойынша сайлауда әйелдер мен жастар үшін 30% міндетті квотаны енгізу. ҚР Үкіметі
Парламенттік оппозиция институтын енгізу; «Парламент туралы» заңға саяси азшылықты қамтамасыз ететін нормамен толықтыру арқылы парламенттегі саяси азшылық негізін заң жүзінде бекіту ҚР Үкіметі
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің Екінші факультативтік хаттамасына қосылу ҚР СІМ
ҚР ҚК 174-бабын ізгілендіру. «Қоздыру» сөзінен бас тартып, оның орнына заңи тұрғыдан әлдеқайда нақты «өршіту» ұғымын қолдану ҚР Үкіметі
ҚР ҚК 174-бабы бойынша жазасын өтеуші және құқық қорғау органдарынан оң қорытындысы бар тұлғаларға қатысты қаржылық шектеулерді жұмсарту. Атап айтқанда, мұндай тұлғаларды қаржы және мүлікке иелік етуін шектелетіндер тізімінен алып тастайтын норма енгізу. Оларға отбасының әр мүшесіне есептеп айлық жалақының минималды мөлшерін беру және банк есепшотын ашуға рұқсат ету ҚР Үкіметі
ҚР Қылмыстық кодексініңі «жала жабу» туралы 130- бабын Әкімшілік кодекске ауыстыру арқылы қылмыс деп танымау ҚР Үкіметі

Қорытынды:

Жалпы, Мемлекет басшысының экономика, әлеуметтік және саяси саладағы реформалары халықтың көп бөлігінің талабы мен мүддесін білдіреді. Сонымен бірге, жаңғыру үдерісінің алғашқы кезеңінде экономикалық өзгерістерге мән беріледі.Ал, әлеуметтік және саяси аспектілер бағытындағы реформалар мемлекеттік саясатты либералдандыру үдерісін сапалық жағынан толықтырады.
Мемлекет басшысы ұсынған реформалар Қазақстанның қарышты дамуы үшін өте маңызды. Биліктің есептілігін күшейту, қоғамдық бақылауға ынталандыру, сондай-ақ азаматтардың бостандығын дамыту жұртшылықтың әралуан пікірін бір жерге жинап, озық заңдар қабылдауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде саяси бәсекелестікке жағдай туғызу проблемалық мәселелерді ашық алаңда анағұрлым сындарлы талқыға салуға және мемлекеттік саясатта тиімді шешімдер қабылдауға жол ашады.

Толық есеппен мына жерден таныса аласыз.
Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз