ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Жұмыс кездесулері
Үстіміздегі жылдың 18 қыркүйегінде еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерінің онлайн кездесуі өткізілді
Жұмыс отырысына Гүлмира Илеуова, Арман Қашқынбеков, Рахым Ошақбаев, Саясат Нұрбек, Эмин Аскеров, Марат Бәшімов, Максим Рожин, Айдос Сарым, Айнұр Сәбитова және Ләззат Кожахмет қатысты.

Жұмыс отырысына әлеуметтанушы, «Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ директоры Гүлмира Илеуова, Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының жетекшісі Арман Қашқынбеков, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының президенті, «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Рахым Ошақбаев, саясаттанушы, BTS Digital ғылыми жобасының жетекшісі Саясат Нұрбек, әлеуметтік кәсіпкер Эмин Аскеров, Еуропалық құқық және адам құқығы сараптамалық институтының директоры Марат Бәшімов, журналист Максим Рожин, қоғам қайраткері, саясаттанушы Айдос Сарым, «Акселератор добра» республикалық еріктілер қозғалысының жетекшісі, заңгер Айнұр Сәбитова, журналист және қоғам қайраткері Ләззат Кожахмет қатысты.

Біржан Нұрымбетов Ұлттық кеңес мүшелеріне министрлік тарапынан іске асырылып отырған бюджеттен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу бастамасы бойынша жұмыстың жүргізілуі, ТЖ және карантинді енгізу кезінде халықты әлеуметтік қолдау шаралары, халықтың жұмыспен қамтылуына ықпал ету, этникалық миграция және шетелдік жұмыс күшін, еңбек қатынастарын реттеу мәселелері сияқты негізгі жұмыс бағыттары жөнінде баяндап берді.

Б.Нұрымбетовтің презентациясынан кейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері әлеуметтік төлемдерді төлеу процедураларына, ішкі көші-қон мәселелеріне, қолданыстағы еңбек кодексін жетілдіруге, қазақстандық және шетелдік капиталдың үлесі бар ірі кәсіпорындарда жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек мүдделерін қорғауға, шағын және орта бизнесті дамытуға арналған несиелерді алу кезінде болатын шектеулерге қатысты сауалдар қойды.

Сонымен қатар, Ұлттық кеңес мүшелері еңбек нарығы дамуының тұжырымдамасын әзірлеу, әлеуметтік жұмыс деңгейін және әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін көтеру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастырудың арнайы әдістемесін дайындау, зейнетақы жинақтарын алу туралы бастаманы іске асыруды жетілдіру, ұлттық біліктілік жүйелері мен ұлттық біліктілік шектерін қайта қарау, еріктілердің қызметін жалпы жұмыс өтілі ретінде тану бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

Отырыстың соңында кездесу барысында айтылған ұсыныстарды министрлік қабылдайтындығы айтылды. Өз кезегінде, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов бірқатар мәселелерді пысықтауға ведомство жанындағы жұмыс тобына ҰҚСК мүшелерін де шақырды.

https://lenta.inform.kz/kz/ulttyk-kogamdyk-senim-kenesinin-musheleri-enbek-ministrimen-kezdesti_a3696563

https://www.inform.kz/ru/chleny-nacsoveta-obschestvennogo-doveriya-rk-obsudili-aktual-nye-voprosy-s-ministrom-truda_a3696597

18.09.2020

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз