ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Жұмыс кездесулері
Үстіміздегі жылдың 12 тамызында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов және Ұлттық кеңес мүшелерінің онлайн форматтағы талқылауы өтті
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мамыр айында өткен Ұлттық кеңестің 3-інші отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – мамыр айында өткен Ұлттық кеңестің 3-інші отырысында Президенттің берген тапсырмалары мен кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстардың жүзеге асырылуы болды. Аталған 3-і отырыстың нәтижесі бойынша, 30 пунктіден тұратын жоспар қабылданған болатын, бұл құжат бойынша, әрбір ұсыныс қалай қаралып, қандай шешім қабылданып, қалай жүзеге асып жатқаны бойынша министр арнайы ақпарат берді.
Сонымен қатар, Ұлттық кеңес мүшелері Қанат Нұров, Гүлмира Илеуова, Асылбек Қожахметов, Айгүл Орынбек, Арман Қашқынбеков, Мұхтар Тайжан және Ерлан Саиров министр мырзаға жұртшылықты алаңдатып жүрген орта және жоғары білім саласындағы көптеген өзекті де өткір мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерін жеткізді. Кездесу соңында, белгілі бір уақыт өткеннен кейін тағы бір талқылауды ұйымдастыру бойынша шешім қабылданды.

https://egemen.kz/article/245169-askhat-aymaghambetov-ulttyq-kenhes-mushelerimen-prezident-tapsyrmalarynynh-orynd

12.08.2020

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз