ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
БАҚ біз туралы
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Президенттің Ұлттық Кеңес аясында білім саласына қатысты тапсырмалары қалай орындалатынын мәлім етті
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мамыр айындағы отырысында білім мен ғылымды дамыту мәселелері негізгі тақырып болды.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мамыр айындағы отырысында білім мен ғылымды дамыту мәселелері негізгі тақырып болды. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым жүйесі үшін маңызды тапсырмалар берді. Мысалы, педагогикалық мамандықтарға түсетін абитуриенттерге қойылатын талаптарды арттыру және стипендия мөлшерін 42 мың теңгеге дейін ұлғайту тапсырмасы берілді. Өткен жылы стипендия мөлшері 21 мың теңгені құраса, Президенттің тапсырмасынан кейін желтоқсан айында 26 мың теңгеге дейін өсті. Ал 1 қыркүйектен бастап болашақ педагогтердің степендиясы 42 мың теңге мөлшерінде болып отыр», - деп жазды министр Facebook парақшасында.

29.09.2020

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз