ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
БАҚ біз туралы
Президент балаларды қорғау мақсатында Ұлттық мониторинг механизмін енгізуді тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев балаларды түрлі жәбірден, интернеттегі қудалау мен арандатудан қорғау үшін Ұлттық мониторинг механизмін енгізуді тапсырды.

«Балаларды интернеттегі қудалаудан сақтау керек. Мәселені жүйелірек түсіну үшін Ұлттық мониторинг механизмін – балалардың амандығы индексін құрып, оны 2022 жылдан бастап енгізу қажет. Индексті енгізу жұмысы балалардың әртүрлі саладағы жағдайын жақсарту бойынша ұлттық саясаттың тиімділігін бақылауға мүмкіндік береді», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ерекше қажеттілігі бар қолдау да маңызға ие екенін жеткізді.

22.10.2020

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз