ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
БАҚ біз туралы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет тарапынан Қазақстан қоғамын одан әрі демократияландыру жөнінде шаралар қабылданатынын айтты
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекетті қалыптастыруға көп еңбек сіңірді. Ендігі міндет Қазақстанның дамуына тың серпін беру болып табылады.

– Партиялардың қызметіне, бейбіт жиындар мен шерулер өткізуге қатысты жаңа заңдар қабылданды. Жуырда ғана Қазақстанда өлім жазасынан бас тартуды қарастыратын екінші факультативті хаттамаға қосылу жөнінде шешім қабылданды. Кезінде Тұңғыш Президентіміз тарапынан өлім жазасына жарияланған мораторий күшінде болғандықтан, бұл шешім Конституцияға толық сай келеді және Атазаңға ешқандай өзгеріс енгізу қажет емес. Шын мәнінде, елімізде өлім жазасы жоқ. Тек Конституцияда қарастырылған екі ғана болмашы ерекшелік бар. Олар факультативті хаттаманың талабына толық сай келеді. Сондықтан екі бірдей міндет: еліміздің экономикасын жаңа жағдайда дамыту, Қазақстан үшін тиімді интеграциялық процестерді күшейту және саяси реформаларды жүзеге асыру. Бұл міндеттердің бәрі бір уақытта атқарылады және табысты болады деп үміттенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

25.09.2020

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз