ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Жұмыс кездесулері
2020 жылдың 22 шілдесінде Ұлттық кеңес мүшелерінің денсаулық сақтау министрі Алексей Цоймен жұмыс кездесуі өтті
Алексей Цой бүгінгі таңда министрлік тарапынан атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланып отырған жаңалықтарымен бөлісті.

Алексей Цой бүгінгі таңда министрлік тарапынан атқарылып жатқан және алдағы уақытқа жоспарланып отырған жаңалықтарымен бөлісті. Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік және жекеменшік қаражатқа 17 мыңнан астам оттегі аппараттары сатып алынуда, медициналық маска тігу жұмысы күшейтілген, ауруханалар мен емханалардағы дәрі жетіспеушілігі мәселесі біртіндеп шешілуде. Сонымен бірге көліктік медицинаны жетілдіру мақсатында жылжымалы диагностика, УЗИ, рентген аппараттары орнатылған мобильді 100 автобус, жылжымалы мобильді амбулаториялар әзірленуде.да дайындалуда.
Сондай-ақ министр кеңес мүшелерінің ауылдық елді-мекендерде коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында қандай іс-шаралар жүзеге асырылып тұрғандағы, қосымша инфрақұрылымдық объектілердің салынуы жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

22.07.2020

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз