ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Жұмыс кездесулері
«Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның қолданысына шолу» талдамалы баяндамасының таныстырылымы
20 тамызда Алматыда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі қызметінің аясында «Бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңның қолданысына шолу» талдамалы баяндамасының таныстырылымы өтті. Баяндама авторлары - Марат Шибутов пен Найля Әлмұхамедова.

Шараға белгілі қазақстандық сарапшылар, құқық қорғаушылар мен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері қатысты. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, Ұлттық кеңестің хатшысы Ерлан Карин ашты.

Таныстырылым барысында баяндама авторлары бұл құжатта митингілер туралы заңдарды жетілдірудің қысқаша хронологиясы беріліп, өткен жылда өткізілген бейбіт жиналыстарға қатысты қабылданған нормалардың ережелерін жүзеге асыру жайына талдау жасалғанын атап өтті.

Атап айтқанда, баяндамада жаңа заңның қолданылуы азаматтарға өздерінің азаматтық позициясын көрсетуге кең мүмкіндіктер беретіндігіне назар аударылады. Сонымен қатар, заң нормалары бойынша жаңа орындарда, қалалардың орталықтарында бейбіт жиналыстар өткізу тұрғын халықтың көп жиналуына, бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты жария етуге жол ашты.

Осылайша, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» заң күшіне енген сәттен бастап өткен жылдың маусым айынан осы жылдың маусымына дейін 500 -ден астам бейбіт жиналыстар (митинг, пикет, жиналыс, шеру, демонстрация түрінде) бүкіл ел бойынша өтті. Осылайша, жаңа заңның арқасында митингтер қазақстандықтардың қоғамдық өмірінде үйреншікті нормаға айналуда.

Сонымен қатар, талқылау барысында құқық қорғаушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекеттері де жетілдіре түскенін және бейбіт жиындар кезінде заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ететінін баса айтты. Осылайша, қоғамда митинг өткізудің жаңа мәдениеті қалыптасуда.

Сараптамалық кездесу барысында Ұлттық кеңес мүшелері бейбіт жиналыстар туралы жаңа заңды әзірлеу бастамасы Мемлекет басшысының 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында көтерілгенін атап өтті.

Өз кезегінде Президенттің көмекшісі Ерлан Карин Ұлттық кеңес маңызды әлеуметтік-саяси және әлеуметтік бастамаларды әзірлеп қана қоймай, сонымен қатар осы консультативтік-кеңесші органның қызметі аясында бұрын ұсынылған реформалардың іске асырылуын бақылап отырғанын атап өтті. Осыған байланысты, Қоғамдық сенімнің ұлттық кеңесі басқа бастамаларды іске асыру бойынша ұқсас аналитикалық есептерді дайындауды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Ұлттық кеңес қызметінің аясында барлығы 17 заң, 3 Жарғы және орталық мемлекеттік органдардың 50-ден астам қаулысы, бұйрықтары мен өкімдері қабылданды. Қазірге уақытта 15-тен астам заң жобасы әзірлеу және қарау сатыларынан өтуде.

Баяндаманы жүктеу үшін келесі сілтемелер бойынша өтіңіз:

қазақ тілінде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз