ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ
ҰЛТТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ КЕҢЕСІ
Кеңес отырыстары
ҰҚСК екінші отырысы: реформалардың бірінші топтамасы – V бөлім
Кеңес қызметінің аралық қорытындысын кәсіпкерлік саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, құқыққорғаушылар мен саясаттанушылар жоғары бағалады.

КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫН БАҒАЛАУ

Кеңес қызметінің аралық қорытындысын кәсіпкерлік саласындағы отандық және шетелдік сарапшылар, құқыққорғаушылар мен саясаттанушылар жоғары бағалады. Олардың пікірінше, ұсынылған реформалар экономикаға, журналистік тексерістің дамуына жаңа серпін беріп, сайып келгенде қоғамның билікке сенімін нығайтады және бәсекелес кәсіпкерлік ортаның дамуына септігін тигізеді.

Сарапшылар Кеңес қызметінен еліміздің саяси жаңғыруы мен индустрияландыру бағдарламасын үйлестіре алатын консервативті либерализм саясатын аңғарды.

Марат БАШИМОВ
Еуропа құқығы және адам құқы сарапшылық институтының директоры, ҚР Үкіметі жанындағы заң жобасы қызметінің мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссия мүшесі:

– Әлемнің барлық елінде саяси реформа шешуші рөл ойнайды. Партияны тіркеу үшін мүшелер санын екі рет төмендеттік, бұл ең көп дауыс жинауға мүмкіндік береді. Екінші отырыста бізге тосын «оппозициялық партия» деген сөз тіркесі айтылды. Халықаралық сарапшылар мұны алға қарай зор серпін деп бағалайды. Парламентте балама пікірі бар мұндай партияның болуы Президент Қ.К.Тоқаевтың «әралуан пікір – біртұтас ұлт» тезисіне сай.

Енді бәрі «оппозицияшылдық» ұғымына байыпты әрі түсіністікпен қарайды. Белгілі бір контексте сөз бостандығының ырықтануын (либерализация) аңғаруға болады. ҚР Қылмыстық кодексінің 130-бабы халықаралық стандартқа сай келмейтін, әлемнің барлық елінде «Жала жабу» бабы азаматтық әкімшілік құқықбұзушылық ретінде қаралады. Дұрыс емес бірдеңе айтсаң, қалтаңа салмақ түседі. Сондықтан бұл бапты әкімшілік құқық өрісіне ауыстыру елімізде сөз бостандығы бар деп еркін айтуға, әрі журналистерге тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді. Өйткені бұрын дәл осы бұл бапты бұзу қылмыстық жазаға апарып соғатындықтан, журналистік тексеріс жүргізу мүмкін емес еді. Митинг өткізуге келер болсақ, кеңесте ескерту принципін енгізу туралы шешім қабылданды. Ол жерде де өз шектеулері, жеке жауапкершілік бар екені басқа әңгіме. Президенттің өзі де құқыңды пайдалану басқалардың құқына нұқсан келтірмеуі тиіс екеніне айрықша тоқталды. Барлығы Конституция мен халықаралық стандартқа сәйкес.

Азат ПЕРУАШЕВ
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Ақжол» партиясының төрағасы:

– Жалпы, «саясат – экономиканың консентрацияланған кескіні» екенін қаперден шығармаған жөн. Міне, мына жерде, Мемлекет басшысы Ұлттық кеңестегі сөйлеген сөзінде шетелдік компаниялармен жұмыс барысында қазақстандықтардың мүддесін қорғауды тапсырғанда, осы компоненттің маңыздылығын атап өту керек. Себебі біз тек еңбек құқығын бұзу мәселесін ғана емес, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы шетелдік компаниялардың қазақстандық кәсіпорындарға төлемді кешіктіргеніне де куә болып отырмыз. Миллиардтаған сома айлар бойы, жылдар бойы кешіктіріледі. Саяси рычагтарды күшейту ұлттың экономикалық мүддесін, соның ішінде біздің партияның да мүддесін ұтымды қорғауға мүмкіндік туғызады.

Айсана СМАН
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшесі:

Айсана Сман заңнамаға декриминализацияға байланысты өзгертулер дер кезінде жасалды деп есептейді:

– Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін, оның белгілі бір механизмі, рәсімі болуға тиіс. Өкінішке қарай, бұл баптың дәл осы Қылмыстық кодекстегі жазылған нұсқасы құқық қорғаушы органдарға адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуға рұқсат береді, кейін оған сот арқылы айып тағылып, сот шешімімен нақты бір мерзімге сотталады. Бұл дұрыс емес.

ШЕТЕЛДІК САРАПШЫЛАР ПІКІРІ

Эммануил МКРТЧЯН
Экономика шолушысы, армениялық «АрмИнфо» тәуелсіз ақпарат агенттігінің бас директоры:

– Қазақстанда қоғамның саяси жаңғыруы үшін экономикалық әрі ағартушылық іргетас қаланған, экономиканың шикізатқа тәуелділіктен технологиялық индустриялық доминант бағытына ойысуына жаңа серпін бере алатын әділ, тіпті жария деп айтуға келетін, әлеуметтік бәсекелестікті оның арқауына айналып отыр. Мұндай ауысу үшін елде бастама көтеріп, өзінің айналысын, өз ортасын өзгертуге талпынатын, оны анағұрлым еркін, бәсекелес жасай алатын мықты, тәуелсіз «үшінші сословие» болуға тиіс.

Ұлттық кеңестің екінші отырысындағы сөзінде Президент Қ.К.Тоқаев көптеген шешілмеген мәселені қозғап, қордаланған проблеманы еңсерудің шынайы жолы мен нақты рецептерін белгіледі. Қазақстан басшылығының бұдан әрі саяси жаңғыру мен индустрияландырудың үшінші бағдарламасына синхронды ауысуға бағыт ұстауы тектен тек емес. Бұл бағыттан сауатты басқарған жағдайда қоғамның қарқынды даму әлеуетін арттыратын шынайы консервативті либерализм саясатының нышаны байқалады.

Бахтиер ЭРГАШЕВ
«Ma’no» зерттеу бастамалары орталығының директоры:

– Елдегі ортамерзімді және ұзақмерзімді келешектегі реформалардың негізгі бағыттары бойынша ортақ көзқарас бар. Бірақ ол көпаспектілі әрі күрделі тәсімге бағдарланған. Мысалы, қаржы секторының, бюджет реформасы мен квазимемлекеттік сектордың реформасы азаматтық қоғамның бұл процестердегі анағұрлым белсенді қатысушыларымен байланысты. Ал, жер пайдалану жүйесінің реформасы әлеуметтің игілігі және қоғамдағы тұрақтылықпен тікелей байланысады. Күрделі, көпқұрамды реформаларды жүзеге асырудың механизмдері мен құралдарын біріктіру, міне, бастысы осы. Президент сөзіндегі назар аударатын, қызықтыратын тұсы осы.

Эльхан ШАХИНОГЛУ
Әзербайжандық сарапшы, «Атлас» саяси зерттеулер орталығының жетекшісі:

– Президент Кеңес алдында түрлі мақсаттар қойды, сөйте тұра құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, экономистер мен саясаттанушылар кірген кеңес мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, назарға алды. Тоқаевтың Кеңес отырысындағы сөзінен ол ұйым жұмысына қанағаттанады деп қорытынды шығаруға болады, өйткені ұйым қызметі қоғамның билікке сенімін нығайтуда. Билік пен қоғам арасындағы диалог – кез келген мемлекет үшін маңызды фактор, оған маңызды тетіктер керек.

Қазақстанда мұндай маңызды тетіктің рөлін ҰҚСК атқарып отыр. Мысалы, Қазақстан Республикасы басшысының «Әралуан пікір – біртұтас ұлт» формуласын алайық – талқылау да, шешім қабылдау да осы формула аясында жүреді. Кез келген мемлекеттегі сияқты, Қазақстанда егжей-тегжейлі талқылауға сұранып тұрған мәселелер жетерлік. ҰҚСК аясында бұл проблемалар талқыланып, соның негізінде маңызды шешімдер қабылданып жатыр.

Демократия – жекелеген адамдардың құқы ғана емес, бұл – үлкен жауапкершілік. Ол адамдардың, мемлекеттік дамуы мен тұрақтылығына қызмет етуге тиіс. Өкінішке қарай, бірқатар елдерде демократия атын жамылған ұрандар түрлі проблемалардың шешіміне әкелген жоқ, керісінше биліксіздік жағдайына душар қылып, кейде тіпті өзара қырқысқа ұласты. Қазақстан дұрыс жолды таңдады – ҰҚСК мүміндіктері арқылы билік пен қоғамның диалогы мемлекеттік нығайтумен қатар, түрлі өткір мәселелерді шешеді.

Қатысушы
Сондай-ақ оқыңыз